Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек – Президент

Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек – Президент
Сурет: Vzsar.ru

Білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек.

Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек

«Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.