Алматыда Абай күні қалай атап өтіледі?

Алматыда Абай күні қалай атап өтіледі?
almaty-akshamy.kz

Абай күнін мерекелеу сағат 10.00-де Абай алаңындағы ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Осыдан соң сағат 11.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері метроға түсіп, ұлы ақынның шығармаларын музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды.

Осылармен қатар, сағат 11.00-де Алматы музейінде уақытша экспозиция басталады – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы қорынан экспонаттар қойылады.

Сағат 17.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Күн артынан күн туар» театрландырылған концерт өтеді: хор мен оркестрлік топ «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Татьянаның әні», «Қараңғы түнде тау қалғып» және басқа да көптеген әндерді орындайды.

Сахналық көрініс аясында ақынның туған жеріне барған сапарлардан бейнематериалдар және музейлерден мұрағаттық материалдар көрсетілетін болады.