«Странджа-2023»: Бүгін Қамшыбек пен Баходир кездеседі

«Странджа-2023»: Бүгін Қамшыбек пен Баходир кездеседі
turkystan.kz

Бүгін қазақстандық 8 спортшы шаршы алаңға шығады

Жарыстың 1/8 финалдық сатысында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Джалоловтың жекпе-жегін жанкүйер асыға күтеді.

Сондай-ақ, бүгін әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов бірінші кездесуінде сербиялық Артем Агеевпен жолығып отыр.

Ел құрамасынан төрт боксшы күндізгі (17:00 ), төртеуі кешкі (22:00) сессияда шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық боксшылардың ойын кестесі:

Күндізгі сессия:

51 келі. Кенже Мұратұлы - Бишвамитра Чонгтхам (Үндістан)

57 келі. Оразбек Асылқұлов - Луис Оливейра (Бразилия)

80 келі. Бекзад Нұрдәулетов - Артем Агеев (Сербия)

92 кгелі Абзал Кұттыбеков - Артем Иорданян (Грузия)

Кешкі сессия:

48 келі. Ернұр Қайрат - Лука Кублашвили (Грузия)

67 келі. Темірхан Тезек - Бехзод Хамидов (Өзбекстан)

86 келі. Бекзат Таңатар - Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан)

92 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Баходир Джалолов (Өзбекстан).