Үстел арасымен өту қолайсыз

Қазір қаладағы біраз кафелер жаяу жүргіншілерге арналған кеңістікті тарылтып, тротуарларға үстел қоюды әдетке айналдырды.

Солардың бірі –  Жандосов пен Манас көшелерінің қиылысындағы «Томато» кафесі. Кафе қожайындары үстелдерді тротуарға шығарып қойып, көпшілікке ас ұсынуды құп көріпті. Тұрғындардың айтуынша, біріншіден, жаяу жүргіншілерге үстел арасымен өту қолайсыз. Екіншіден, бұл маңайда ашық жерде тамақтанудың өзі күмәнді. Себебі, «бұл қиылыс экологиялық тұрғыдан да талапқа сай емес» дейді тұрғындар.

Бостандық ауданы әкімдігі жарияланымға жауап берген жоқ. Бірақ Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы жұмысты қолға алды. Қандай шаралар қолданылатынын күтеміз. Жалпы, бұл мәселеде алматылықтар «өкілетті органдардың далаға үстел жаятын дәмханаларға  рейд жүргізіп, олардың қоғамдық аумақты пайдалануға құқы бар-жоғын тексеретін уақыт жетті» деп есептейді.

P.S. Халыққа қолайсыздық тудырып жатқан жайттармен тиісті органдарды хабардар етіп отыру арқылы біз мәселенің шешілуіне атсалыса аламыз. Алматымыздың көркейіп гүлденуіне үлес қосамыз десек, мұндай сын көтермейтін жағдайларға бей-жай қарамайық. Ол үшін талап-тілектеріңізді газет редакциясына немесе газетіміздің «Алматы ақшамы» деп аталатын, фейсбуктегі парақшасына ойларыңызды жазыңыздар. Қаламызды бірге көркейтейік

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *