СПОРТ АЛАҢДАРЫ –  ҮЛКЕН ҚАЖЕТТІЛІК

Ольга ШИШИГИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері,

Сидней олимпиадасының чемпионы:

 

Биыл Алматыда заманауи спорттық нысандар саны ұлғаймақ. «Шетсіз қала» қағидатына байланысты салауатты өмір салты инфроқұрылымы барлығына қолжетімді болуы үшін аталмыш нысандарды көбінесе қаланың шеткі аумақтарында салу жоспарланған.

Жақында ғана «Алматы» телеарнасының тікелей эфиріндегі қала әкімінің әлеуметтік нысандар бойынша онлайн-таныстырылымы барысында түрлі жобалар, соның ішінде спорт нысандары жайлы айтылды. Осы орайда жеңіл атлетикадан олимпиада чемпионы Ольга Шишигина спорттық нысандардың салынуын оң бағалап, өз ойын білдірді.

–  Бізге жекпе-жектің барлық түлері мен басқа да спорт түрлеріне арналған ДСК-ны көбірек салу қажет. Қаламызда бассейннің көптігі дұрыс, одан оның қажеттілігі кемімейді, — деп атап өтті Ольга Шишигина.

Салауатты өмір салты, спорттың дамуы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтеріп отырған маңызды мәселелердің бірі. Президент тапсырмаларын орындау мақсатында бүгінде Алматының онға жуық  спорт нысандардың құрылысы жүріп жатыр.

Динара МҰРАТ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *