Соңғы тәулікте Алматы облысында 313 адам КВИ жұқтырған

Соңғы тәулікте Алматы облысында 313 адам КВИ жұқтырған
Сурет: Adonis.com.ua

Бүгінгі күні 2487 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 45-і жансақтау бөлімінде.

02.08.21 жылғы жағдай бойынша, облыста коронавирустың зертханалық расталған 32713 дерегі тіркелді, соңғы тәулікте 313 адам КВИ жұқтырған, өсім деңгейі – 1,0%, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Ақсу ауданында – 2, 
Алакөл ауданында – 17,
Балқаш ауданында – 6, 
Еңбекшіқазақ ауданында - 22, 
Ескелді ауданында – 14, 
Жамбыл ауданында – 23, 
Іле ауданында - 15, 
Қарасай ауданында - 25, 
Қаратал ауданында - 14, 
Кербұлақ ауданында – 7, 
Көксу ауданында – 2, 
Панфилов ауданында – 18, 
Райымбек ауданында – 6, 
Сарқан ауданында – 7, 
Талғар ауданында – 30, 
Ұйғыр ауданында – 4, 
Кеген ауданында – 1, 
Талдықорған қаласында – 94, 
Текелі қаласында - 6. 

01.08.20 жылдан бері анықталмаған пневмонияның 5565 жағдайы тіркелді, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 24. Олармен 7 адам қарым-қатынаста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде. Бүгінгі күні 2487 адам стационарлық ем қабылдауда, соның 45-і жансақтау бөлімінде. Бір тәулікте ауруханаларға 277 адам түсті, 171-і шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 62,1%. 

01.08.21 ж. дерек бойынша ПЦР тәсілімен 801773 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны –7915. Соңғы тәулікте короновирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 2356 адам, 2 компонентін 4158 адам салдырды.