Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлерінде қатты ыстық болады

Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлерінде қатты ыстық болады
Сурет: Tranesupply.com

Кей жерлерде ауа температурасы 43°С-қа дейін көтеріледі.

Синоптиктер тамыздың 3-5 аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды. Онда әлі де өте қатты ыстық сақталады – 35-40, кей жерлерде 43°С-қа дейін. Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел күшейеді және ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі: күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 23-33°С-қа дейін», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.