СOVID-19.  Вакцинация: Алматылықтар екпе жайында әлеуметтік желілерде өз әсерлерімен бөлісуде

 

Кеше Алматыда мегаполис тұрғындарын сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлардағы екпе пункттерінде вакциналау басталды. Халыққа ыңғайлы болуы үшін медицина қызметкерлері демалыс күндері де жұмыс істеуде. Екпені алдын ала жазылу арқылы сағат 8.00 мен 20.00 аралығында алуға болады. Әлеуметтік желілер екпе алған және вакциналаудан соң өздерін қалай сезінгендерін жазған тұрғындар хабарламаларын жариялауда. 

Тастанбек Алчикеев:
— «Алматыдағы №12 емханаға алғыс айтамын! Вакциналауды жүргізген жасаған медбикелерге, терапевт Сарыбаева Кулянда Қапенқызына және Утетлеев Серік Маратұлына алғысым шексіз! Екпе салуға және вакциналауға өте жақсы дайындалған!».

Шолпан Әли:
— «Кейбір антиваксерлер вакцина жұқпалы деп қорқады (мүмкін емес). Олар инфекцияның адамнан жұғуынан қорықпайды (бұл өте ықтимал). Олар вакцинаның болуы мүмкін жанама әсерлерінен қорқады. Олар өздерінше күшті иммунитет мені құтқарады дейді. Ал вакцинация кезінде олардың «күшті иммунитеті» ескерілмейді. Олар ковидті «жай тұмау» дейді және осы «қарапайым тұмауға» қарсы вакцинадан қорқады. Бұл таңқаларлық емес пе? Ең қызығы, өздері вакциналауды қажет етпейтіндер сәтсіз вакцинация туралы жиі айтады. Екпе алуды қалағандар вакциналанды: арлығы: желіде вакциналанғандар бірінен соң бірі посттарын жариялауда. Бұл қуантады. Қайта ақылдылар әлемді құтқарады. Ал қалғандары тек шу шығарады және ашуланады))».

Ксения Алейникова:
— «Бүгін анам екеуіміз 17 емханаға вакциналауға келдік. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне кәсіби біліктіліктері үшін алғыс айтқым келеді. Істеріне өте тыңғылықты әрі көмек көрсетуге әзір. Сіздерге рахмет, алғысымыз шексіз!».

Евгения Ушакова:
— «Қайырлы күн. 7 күн бұрын біріншісін алдым. Бәрі ойдағыдай, ешқандай кері әсері немесе басқа бір өзгеріс байқалмады. Анамнезде диабеттің екінші түрі деп көрсетілген».

Элеонора Ким:
— «Вакцинаны бүгін салдырдым. Әзірше бәрі жақсы. Бәрі дұрыс ұйымдастырылған».

Ирина Васильева:
— «Міне, «Спутник V» енді менің қанымда. Бүгін вакциналау басталды. Келесі екпе үш аптадан соң. Әкімдікке және 17 емхананың барлық медицина қызметкерлеріне рахмет: бәрі дұрыс ұйымдастырылған, жылы жүзбен қарсы алып, екпе алғанға дейін тексереді, одан кейін де бәрін түсіндіріп, барлық қойған сұрақтарымызға жүз рет жауап берген шығар. Қазір қызметкерлер демалыссыз жұмыс істеуде – адамдар толассыз келіп жатыр. Емхана қызметкерлері шаршағандарына қарамай, бәрін ескертіп, сыпайылық сақтап, нақты әрі кәсіби әрекет етуде, әрқайсысы өз орындарында. Түстен кейін мен вакцина алған кезде бос болды, медицина қызметкерлерінің айтуына қарағанда, екпе алуға тілек білдірушілер әдеттегідей таңертең келеді екен) Сондықтан, құрметті алматылықтар, таңмен ұйқыларыңызды қандарып, вакцинаны күндіз асықпай алуға да болады. Бәріңізге тыныштық және денсаулық тілеймін! Біздің медицина қызметкерлеріне тағы да алғыс айтамын!».

Svetlana:
— «Бүгін 83 жастағы әжеміз вакцина алды. Ол емханаға мерекеге барғандай барды – бір жыл бойы үйден шықпады деуге болады. Барлық мерекелер мен жерлеу рәсімдеріне қатысқан жоқ».

Галина Голубенко:
«Қазір ғана екпе алып келдім. Халық барып жатыр, бәрі жақсы ұйымдастырылған, дәрігерлер өте мұқият тексеруде, бәрі жақсы болса екпе салынады. Бәрі тез және ретімен. Алматының 8 емханасы. Өзімді жақсы сезініп тұрмын».

Nailya Azizova:
— «Ковидке қарсы вакцина алғысы келетіндердің назарына айтарым, Төле би (жоғары жағы) — Әуезов қиылысындағы Атамекен ғимаратында вакцина алу пункті ашылды. Қарбалас жоқ,жұмыс барынша жолға қойылған, кезек те жоқ. Жұмыс күндері 20.00-ге дейін, демалыс күндері 18.00-ге дейін жұмыс жасайды. Ондағылар менен халықты өздеріне шақыруды сұрады».

Алексей Шалашников:
— «Мен бүгін коронавирусқа қарсы вакцина салдырдым. №9 емхананың барша медицина қызметкерлеріне алғыс айтам. Әсіресе Римма Қабақұлова атты қызға (оның дәрігер не мейірбике екендігін білмеймін) вакцина алуға келушілерге көрсеткен кәсіби қарым-қатынасы үшін алғысымды білдіремін».

Вакциналауға барған Алматы тұрғындары екпені саналы түрде салдырғандарын айтуда. Олардың басым көпшілігі вакциналау коронавирусты жеңудің жалғыз әрі өте тиімді жолы деп санайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *