СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

?????????????

Ұлан ҚАЖЫКЕН,

Алматы қаласы

№2 Алмалы аудандық сотының судьясы

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында қоғамның сот­тарға деген сенімін арттыру, азаматтар­дың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауды жан-жақты қамтамасыз ету, сотта іс жүргізудің электронды әдістерін дамыту және оның ашық, қолжетімді, тиімді болуына байланысты тапсырмалар берілді.

Қазіргі таңда жаңғырту азаматтар­дың сот арқылы құқықтарын қорғау мәселесінің қолжетімділігі, бітімгер­шілік шараларды дамыту, заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бағыттарында жүргізіліп жатыр.

2016 жылы қараша айында ҚР Судьялар одағының VІІ съезінде Елбасы:

– Қазақстан – бүгінде қалыптасқан, әлем таныған және бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде танылып отыр. Оны бүкіл дүниежүзілік қауымдастық мойындайды. Біздің табыстарымыздың дәлелі заманға сай және тиімді сот билігі болып табылады. Біздің рефор­малардың алғашқы күндерінен бастап экономикада алға жылжу бар, халық­тың жағдайын өзгерттік, әлеуметтік салада көп өзгерістер болды. Алайда, сот пен құқық қорғау органдары жүйесі түзелмей, біз еш уақытта реформа­ларды аяқтадық деп айта алмаймыз, – деген еді.

Төрт жыл сайын өтетін съезд – сот қауымдастығының бастапқы басқосуы. Бұл жерде сот жүйесіне байланысты стратегиялық мәселелер шешімін табады, өзекті мәселелер талқыға салынады. Соттардың беделін артты­руға байланысты, сот жүйесін жетілді­руге қатысты фундаментальды шешім­дер пайда болып, атқарылған жұмыс жөнінде есеп беріледі.

%d1%81%d0%be%d1%82-%d0%b6%d1%83%d0%b9%d0%b5%d1%81%d1%87%d0%b8

Сот жүйесінің алдында тұрған мақсат – тәуелсіз сот билігін қалып­тастыру және оның іргетасын қалаушы адал және кәсіби судьялардың тұруы, әділеттілік және қолжетімділік қағида­ларын ұстанып, сот төрелігін жүзеге асыру.

Жүргізілген реформа нәтижесінде үш сатылы сот жүйесі қалыптасты, сот инстанцияларын үйлестіру нәтижесінде соттарда дауларды шешу (барлық инстанцияларды алғанда) сегіз айға қысқартылды. Сонымен қоса, істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қараудың арқасында сотта қағазбас­тылық, кешіктірушілік проблемалары шешуін тапты.

Судья лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптар және тағайындау жүйесі күшейтілді. Сот корпусының кәсібилік деңгейін жоғарылату мақса­тында жаңадан тағайындалған судья­ларға сынақ мерзімі енгізіліп, сот лауа­зымына кандидаттарға психологиялық тестілеуден және полиграф арқылы зерт­теуден өту, кәсіби тәжірибеге байланысты да қосымша талаптар қойылатын болды.

Сот отырысы залдарында 100 пайыз аудио, бейнежазба жабдықтары орна­тыл­ғандықтан, тараптардың шағымдары да азайды. «Электронды сот төрелігі» халыққа жоғары деңгейде қызмет көрсетуде. Яғни, сот құжаттарымен танысу қызметтері кеңінен пайдаланы­латын болды. Жалпы алғанда, жаңа технологиялар сот арқылы адам құқық­тарын қорғауды тиімді және қолжетімді қылды. Оның үстіне, жаңа ақпараттық сервистер пайда болып жатыр.

Қазіргі таңда сот корпусының алдын­да жаңа тапсырмалар тұр:

– заң үстемділігі қағидасын қамта­масыз ету (өйткені, оны жүзеге асыру процесінде сот негізгі рөлді атқарады);

– судьялардың тәуелсіздігіне қайшы келмейтін есептер;

– үлкен дәрежеге лайықты сот корпусын қалыптастыру;

– соттарда істерді қараудың бірың­ғайлығын қамтамасыз ету;

– құқықтық білім беру саласын дамыту арқылы халықтың заңдық сауатын арттырып, даулардың санын азайту;

2016 жылы судьялардың жаңа Әдеп кодексі қабылданды. Бұл құжат «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» конституциялық заңның негі­зінде қабылданды және халықаралық құжаттарға сай келеді. Яғни, онда Адам құқықтарының жалпыға бірдей декла­ра­циясы, Азаматтық және саяси құқық­тар туралы халықаралық пакті, Судьялардың мінез-құлқын реттейтін 2002 жылы Гаагада қабылданған Банга­лор қағидалары үстем етілген. Соңғы құжат судьялардың мінез-құлқына байланысты тәуелсіздік, әділдік, адал­дық, сатылмайтындық, этикалық нор­маларды сақтау, тепе-теңдік, біліктілік, ынталылық қағидаларын да бекітті.

Сондай-ақ, Әдеп кодексі бірқатар халықаралық құжаттарда көрсетілген прогрессивті нормаларды бекітті. Кодекс жобасы судьялар арасында, қоғамда БАҚ арқылы кеңінен талқы­ланды. Тіпті, Еуропалық одақтың Венециан комиссиясының арнайы отырысында да презентациядан өтті.

Кодекс нормалары сот қауымдас­тығына заманауи талаптар қояды. Кәсіби, интеллектуалды жағынан ғана емес, судьялардың этикалық және моральдық сипатына, қоғам, отбасы, тұрмыстағы іс-қимылына, жүріс-тұрысына да көңіл бөледі.

«Би екеу болса, дау – төртеу» дейді қазақ. Сондықтан, сот корпусына үлкен жауапкершілік артылған. Қазіргі таңда азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын сот арқылы қорғау халық­аралық стандарттарға сай жүргізіледі. Жалпы, демократиялық қоғамдағы даулы мәселелер сот арқылы шешілуі керек.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *