Соңғы тәулікте Алматы облысында COVID-19 тіркелмеді

Соңғы тәулікте Алматы облысында COVID-19 тіркелмеді
Сурет: Nu.edu.kz

Алматы облысы «жасыл» аймақта орналасқан.

Алматы облысында соңғы тәулікте КВИ жұқтыру жағдайы тіркелмеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологияқ бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, соңғы 2 аптада Алматы облысында COVID-19 ауруының тарау деңгейі төмендеп, апталық өсім 0,1%-дан 0,003%-ға дейін түсті.

«3 наурыз бен 16 наурыз аралығын алдыңғы аптамен салыстырғанда, вирус жұқтыру 65-тен 10-ға дейін төмендегені байқалады. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы жасыл аймақта орналасқан. Соңғы тәулікте коронавируспен ауру жұқтырғандар тіркелмеген», - делінген баспасөз хабарламасында.