Соңғы тәулікте 140 адамнан коронавирус анықталды

Соңғы  тәулікте 140 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Coronavirus2020.kz

Өткен тәулікте Қазақстанда 140 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 190 адам коронавирус инфекциясынан (–2 083+ және 107 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 328 пациент стационарда, 1 862 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 11 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.