Словенияда Қазақстан гимнасшылары өнер көрсетуде

Словенияда Қазақстан гимнасшылары өнер көрсетуде
Cурет: Olympic.kz

Осы күндері Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан ерлер мен әйелдер арасында әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Аталмыш додаға қазақстандық спортшылар да қатысуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Екінші күннің іріктеу сайыстарынан кейін спортшымыз Фарух Нәбиев қоссырықтағы жаттығулар бойынша 6 орын иеленіп финалға жолдама алды. Әйелдер арасындағы жарыста Аида Бауыржанова еркін жаттығулардан 3 орын алып, ақтық сында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.