Баян-Өлгий вакцинаның үшінші компонентін сала бастады

Баян-Өлгий вакцинаның үшінші компонентін сала бастады
Cурет: Gov.kz

Егу жұмыстары 1 қыркүйектен басталған.

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші компонентін 1 қыркүйектен бастап салу қолға алынды, Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті МОНЦАМЭ агенттігінің хабарлауынша, Баян-Өлгий аймағында вакцинаның бірінші компонентін алған 66499 адам болса, екінші компонентін алғандардың саны 61868 адамға жеткен.
Ал осы аптадан бастап полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері, медицина саласының және мемлекеттік қызметкерлер қатарлы қоғаммен тығыз байланыстағы сала мамандары мен 55 жастан жоғарғы азаматтар, созылмалы сырқаты бар жандар, екіқабат аналарды үшінші компонентпен вакцинациялау басталды.
Аймақтың денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда қазірдің өзінде 365 адам Pfizer-BioNTech, Vero Cell қатарлы вакцина түрлерін алып үлгерген.
Моңғолия бір жылдай коронавирус індетінің ел ішіне тарап кетпеуіне барлық жағдайды жасаған болатын. Алайда, қатерлі індетті ауыздықтап тұра алмады. Бүгінгі таңда Моңғолия көлемінде 252313 адам вирус жұқтырған.
Ал Баян-Өлгий аймағы бойынша вирус жұқтырғандар саны 7561 адамға жетті.
Моңғолия бойынша вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны 2,2 миллионнан асса, екінші компонентін 2,1 млн адам алған. Бұл жалпы халықтың 64 пайызын құрайды.