Скриптонит Genius үздіктері қатарына енді

Скриптонит Genius үздіктері қатарына енді
Сурет: Еsquire.ru

Жерлесіміз әуенімен әлемді тәнті етуде.

Скриптонит Genius үздіктері қатарына енген жалғыз ТМД орындаушысы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com cайтына сілтеме жасап.

Скриптонит - Genius чартының үздік 100 артистері қатарына енген ТМД елдерінің жалғыз өкілі.

Әнші бұл лектің 92-сатысынан орын тепті. Осылайша 31 жастағы қазақстандық рэп орындаушы Бруно Марс, Шон Мендес, Maroon 5 пен Radiohead сынды танымал сахна саңлақтарынан озып шықты.

Сонымен бірге, Genius – қолданушыларға әндердің мәтінін түсіндіріп, мазмұнын ашуға мүмкіндік беретін америкалық тұғырнама.