Сыртқы жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын талап ететін құжат қабылданды

Сыртқы жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын талап ететін құжат қабылданды
Сурет: Kazaksha.info

Заң жобасының мақсаты – сыртқы жарнамалар мен әр түрлі маңдайшадағы, басқа да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы.

Парламентте сыртқы жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын талап ететін құжат қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Заң жобасының мақсаты – сыртқы жарнамалар мен әр түрлі маңдайшадағы, басқа да көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы. Бұдан басқа дін саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейтін нормалар енгізілді. 

«Сенат «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру, діни іс-шараларды ғибадат үйлерінен тыс жерде өткізу үшін енгізілетін хабарлама тәртібін рәсімдеу әрі нақтылау бөлігінде түзетулер енгізді», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жәмилә Нұрманбетова.