Матрица: Ақмола облысы «сарыдан» «қызыл» аймаққа өтті

Матрица: Ақмола облысы «сарыдан» «қызыл» аймаққа өтті
Сурет: Сoronavirus2020.kz

Эпидахуал оңалуда

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оған сәйкес:

«Қызыл» аймақта: Ақмола облысы.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары. Айта кетейік, Ақмола облысы кеше «сары» аймақта тұрған болатын.