«Шуақтыға» су келді

«Шуақтыға» су келді
almaty-akshamy.kz

Инженерлік желілерді модернизациялау біздің жұмысымыздағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.  Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Осы жылдың тамыз айында «Шуақты» шағын ауданында 400 үйді қамтитын 10 шақырым сумен қамту және 7,4 шақырым су бұру желілерінің құрылысы аяқталды. Келесі аптадан бастап тұрғындар магистральды желіге қосыла бастайды.

Тбилисская көшесіндегі 20 мың абонентке қызмет көрсететін 400 метрден астам канализациялық эстакада реконструкциялаудан өтті. Ол болашақта   халық санының өсуін ескере отырып жасалған.

Жыл соңына дейін «Маяк», «Әлмерек», «Жас Қанат», «Нижняя Пятилетка» шағын аудандарында және Закарпатская көшесінде 6670 абонент үшін 153,4 шақырым су құбыры мен 79,4 шақырым канализация құрылысы аяқталады. Сонымен қатар, асфальттың төменгі қабатын қалпына келтірілуде, 2024 жылдың 2-ші тоқсанында беткі  қабаты төселетін болады.

2024 жылдың II-ші тоқсанында «Қайрат» шағын ауданында 40 шақырым су құбыры және су бұру желілерін салу жұмыстарының 2-ші кезегі басталады.

2 учаске бойынша: ауданның орталық бөлігінде және Әуежай көлі ауданында сумен қамту және канализация желілерін жобалау жалғасуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының болжамды басталу уақыты 2024 жылдың II-ші тоқсаны деп болжанып отыр.