ШҚО-да жүк пойызының 5 вагоны рельстен шығып кетті

ШҚО-да жүк пойызының 5 вагоны рельстен шығып кетті
Cурет: Ашық дереккөз

Оқиғадан ешкім зардап шекпеді

8 сәуірде 10:35 минутта Шығыс Қазақстан облысының Алтай-Қүмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 5 вагоны рельстен шығып кетті. Вагондар цемент тасымалдаған. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бір вагон "КузбассТрансЦемент" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) меншігі болса, қалғаны "Каспий Цемент" ЖШС-ге (Қазақстан Республикасы) тиесілі. Құрам 28 км/сағ баяу жылдамдықпен жүрген», - делінген хабарламада.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Жолаушылар және жүк пойыздарының кідірісі орын алған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Вагондардың рельстен шығу себептері анықталуда.