Өткен тәулікте 16 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

Өткен тәулікте 16 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды
Cурет: Ашық дереккөз

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияны 16 жұқтырғаны анықталды. Сондай-ақ аталған дерттен 15 адам емделіп шықты.

Бұл туралы Almaty-akshamy.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Комиссия мәліметтеріне қарағанда, 2020 жылдың 13 наурызынан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 88765 адамды құрап, 5353 адам қайтыс болғаны анықталды. Ал жазылып шыққандар саны 82399-ға жетті.