ШҚО-да су тасқыны қаупі бар жерлерге 260 волонтер тартылды

ШҚО-да су тасқыны қаупі бар жерлерге 260 волонтер тартылды
сурет:ult.kz

Шығыс Қазақстанда 71 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерді бақылауға 260 волонтер тартылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Шығыс Қазақстанда 71 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін. Бүгінде атқарылған шаралардың нәтижесінде, 15 елді мекенде қауіп толықтай жойылып, 46-сында азайтылған.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметінше, қазіргі уақытта құтқарушыларға волонтерлер де көмектесуде. Олар су тасқыны қаупі бар учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізіп, аулаларды қардан тазартып, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруде.

«Облыс бойынша барлығы 260 волонтер жұмылдырылды. Жеке сектордың, жалғыз тұратын қарттардың, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың үйлерін қардан тазарту бойынша 20-дан астам шара өткізді. Сондай-ақ еріктілер ТЖД өкілдерімен бірлесіп қалалар мен аудандарда үйлерді аралап, халыққа су тасқыны қаупі туралы 2500-ге жуық жадынама таратты», - делінген хабарламада.