67 адамнан коронавирус инфекциясы табылды

67 адамнан коронавирус инфекциясы табылды
сурет:goldenmed.ru

Елімізде 1726 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда.

Өткен тәулікте Қазақстанда 67 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ДСМ телеграм каналына сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау министрлігінің 26 ақпандағы мәліметі бойынша, 1 726 адам коронавирус инфекциясынан (–1 562+ және 164 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 1 619 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.