Ширек финалдағы қарымта ойындар өтеді

Ширек финалдағы қарымта ойындар өтеді
Сурет: ашық дереккөз

Сәуірдің 18-нен 19-на қараған түні футболдан UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалында қарымта ойындар өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Екі ойынның бірінде «Наполи» (Италия) мен «Милан» (Италия) кездеседі.

Кездесу елорда уақытымен 00.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 152 мәрте кездесті. Оның 42-сінде «Наполи», 57-сінде «Милан» жеңіске жетсе, қалғаны тең аяқталды.

Ширек финалдың алғашқы кездесуінде «Милан» 1:0 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесуде «Челси» (Англия) пен «Реал Мадрид» (Испания) командалары шеберлік байқасады.

Кездесу елорда уақытымен 00.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 9 мәрте кездесті. Оның үшеуінде «Реал Мадрид», төртеуінде «Челси» жеңіске жетсе, қалғаны тең нәтижемен аяқталды.

Ширек финалдың алғашқы кездесуінде испаниялық клуб 2:0 есебімен жеңді.

Финал 10 маусымда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Ататүрік атындағы Олимпиадалық стадионда болады.