Қазақстандықтарды елге жеткізу үшін Украина шекарасында 3 автобус тұр- СІМ

Қазақстандықтарды елге жеткізу үшін Украина шекарасында 3 автобус тұр- СІМ Cурет: Baq.kz

Қазіргі уақытта эвакуациялау туралы 528 өтініш келді


Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы Қазақстан азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыру процесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.


Айбек Смадияров қазір қазақстандықтарды елге жеткізу үшін Украина шекарасында 3 автобус тұрғанын айтты.



«Қазіргі уақытта эвакуациялау туралы 528 өтініш келді. Украинадан Польша арқылы 26 ақпан немесе 27 ақпанда алғашқы репатриациялық рейс жоспарлануда. Алдағы уақытта тағы да рейстер ұйымдастырылады. Қазір отандастарымыз 7 сағат бойы шекара кезегінде тұр. Себебі елден шыққысы келетіндер көп. Ел халқын сабырға шақырамыз. Біз қолдан келгеннің бәрін қарастырып жатырмыз», - деді ол баспасөз мәслихатында.



Оның атап өтуінше, шекарада тұрған алғашқы автобуста 49 адам, екінші автобуста 46 адам және тағы бір автобуста 79 адам бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17