Шыңжаңда кен ошағы құлады

Шыңжаңда кен ошағы құлады
Суреттер: Google.com

18 адам үйінді астында қалды

ҚазАқпарат дерегінше, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы (ШҰАР) алтын шахталарының бірі опырылып, салдарынан 18 адам үйінді астында қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы жексенбі күні жергілікті төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап Синхуа агенттігі хабарлады.

Апат сенбі күні сағат 13:40-та Қытайдағы ШҰАА-ның Іле қазақ автономиялық ауданындағы Инин уезінде болды.

Төтенше жағдай кезінде барлығы 40 адам жер астында болған.

Құтқару операциясының нәтижесінде 22 адам шығарылды, тағы 18 адам құрсауда қалып қойды.

Қазір оқиға орнында құтқару операциясы жалғасып жатыр.