«Шымбұлақ» курорты аумағында 900 текше метрден астам қар түсірілді

«Шымбұлақ» курорты аумағында 900 текше метрден астам қар түсірілді
Сурет: Ашық дереккөз

«Медеу» - «Тұйық су» Үлкен Алматы өзенінің бағытындағы автожолдарда блокбеккеттер орнатылды

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты аумағында профилактикалық мақсатта қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында курорт аумағында «Avalancheur» пневматикалық құралдарының көмегімен көшкі түсірілді.

«Профилактикалық жұмыстарға «Шымбұлақ» шаңғы курорты қызметкерлері, Алматы қаласы ТЖД, «Қазселденқорғау» ММ, «Қазгидромет» РМК мамандары қатысты. Профилактикалық жұмыстарды жүргізу нәтижесінде 900 текше метрден астам қар массасы түсіп, шаңғы курортының демалушылары үшін қауіпсіздік қамтамасыз етілді»,- делінген ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, ауа температурасының жоғарылауы мен қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады. «Медеу» - «Тұйық су» Үлкен Алматы өзенінің бағытындағы автожолдарда блокбеккеттер орнатылды. Осыған орай, Алматы қаласының ТЖД осы уақытта таулы жерлерге бармауға, қар тік орналасқан тау беткейлерінен сақ болуға, тау шаңғысы курортындағы қоршаулардан шықпауға кеңес береді.