Қазақстанның ораза кестесі жарияланды

Қазақстанның ораза кестесі жарияланды
Сурет: Ашық дереккөз

2023 жылғы пітір садақа мөлшері 535 теңге болып бекітілді

Рамазан айындағы барлық өңір бойынша ораза уақытының кестесі жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүкіл Қазақстан бойынша 2023 жылғы Рамазан айындағы ораза кестесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жарияланды.

Сондай-ақ ҚМДБ төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен 2023 жылғы пітір садақа мөлшері – 535 теңге болып бекітілгенін де хабарлайды.

Рамазан айынының бірінші күні бейсенбі - 23 наурызға сай келеді. Бұл күні, мәселен астаналықтар таңғы сағат 5:39-ға дейін ауыз бекітіп үлгеруі керек, ал кешкі сағат 19:36-да ауыз ашуға асығады. Ақтаулықтар сәл кеш, яғни таңғы сағат 6:15-те ауыз бекітсе, ауыз ашар уақыт кешкі сағат 19:54-ке сай келеді. Яғни, өңірлер бойынша ауыз бекіту мен ауыз ашу уақытында белгілі бір деңгейде айырма барын еске саламыз.

Әр өңір бойынша ораза кестесімен мына арадан таныса аласыздар.