Шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Сурет: Primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты.

Отырыс Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтпек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Сондай-ақ инфляция мен инвестиция мәселелері көтеріледі. Барлық министрлер мен әкімдер осы отырысқа дайындалуы керек. Алты айдың қорытындысын біз жаңа үш облысты қоса отырып, жиырма өңір бойынша толықтырып жасаймыз», - деді ол.