Шетелдік нөмірлі автокөліктер бүгіннен бастап техникалық тексеруден өте алады

Шетелдік нөмірлі автокөліктер бүгіннен бастап техникалық тексеруден өте алады
Сурет: Life09.kz

Шетелдік автокөлік құралдарының иелері немесе жүргізушілері 1815 техникалық тексеру орталықтың кез келгенінен міндетті техникалық байқаудан өте алады.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған орталықтардың мекенжайлары мен жұмыс уақыты miid@miid.gov.kz («құжаттар» бөлімінде) сайтының тізімінде көрсетілген.

23 қаңтардан бастап елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру іс-шарасы жүріп жатыр.