Шетелдік ғалым Қазақстанда ғылыми жобамен айналысуда

Шетелдік ғалым Қазақстанда ғылыми жобамен айналысуда
almaty-akshamy.kz

Философия докторы (PhD) Ченг Сию Ин Қарағандыдағы Бөкетов университетінің басқа да жас ғалымдарымен бірлесіп, туберкулезге қарсы препараттарды тасымалдауға арналған полисахаридтер мен олардың кешендерін пайдалана отырып, нанотасымалдаушыларды әзірлеу жобасымен жұмыс істеуде. Зерттеу химия факультетінің «Химиялық материалтану» зертханасында жүргізілуде.

Ченг Сиу Ин биополимерлердің нанобөлшектерін алу үшін атомдық күш пен сканерлеуші электронды микроскоп, бөлшектердің лазерлік анализаторы, т.б. заманауи жабдықты пайдаланудың маңыздылығын атап көрсетеді. Зерттеу нәтижелері полимер химиясына, фармацевтикаға, нанотехнологияға және медицинаға айтарлықтай үлес қосуға уәде береді.

Жоба сонымен қатар, дәрі-дәрмектерді жеткізуге арналған коллоидтық жүйелер тұжырымдамасын әзірлеуді және табиғи реагенттерді қолдана отырып, хитозан мен геллан негізіндегі полиэлектролит кешендерінің қалыптасу процесін зерттеуді мақсат етеді.

Бұл өз кезегінде нанотехнологияны медицинада қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді, ал коллоидтық жүйелердегі мукоадгезиялық материалдардың шырышты тіндермен әрекеттесуі жаңа мүмкіндіктер мен ашылуларға әкелуі мүмкін.