Алматыда қойма өртенді

Алматыда  қойма өртенді Сурет: Алматы ТЖД

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 қаңтар күні сағат 20:25-те өрт сөндіру бөлімшелері Алмалы ауданы, Әуезов көшесі, 2/8 а мекенжайына шақыртуға шықты.



Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте құрылыс материалдары және лак-бояу өнімдері бар қойманың 500-ден астам шаршы метр аумағы жанып жатқанын анықтады.



«Өрттің көршілес орналасқан қоймаларға таралу қаупі туындады. Өртті сөндіру жұмыстарын  қоймадағы тез жанғыш заттар (битум, лак-бояу) қиындатты. Дереу жедел штаб пен үш өрт сөндіру учаскесі құрылып, негізгі басым міндеттер айқындалды. Оны сөндіру барысында қызып тұрған темір қоймадан қауіпсіз жерге 3 оттегі және 4 газ баллоны шығарылды»,- деп хабарлады қалалық ТЖД-дан.




Сурет: Алматы ТЖД


Өрт түнгі 22:34-те оқшауланып, 22:50-де толық сөндірілді. Оған 21 бірлік техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылды. Оттың шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:41

18:39

18:31

18:10

16:06

15:46

14:37

14:12

12:22

12:05

09:32

12:48

12:02

11:37

11:12

10:45

10:12

09:36

09:30

09:02

08:53

07:41

06:19

05:37

05:14