Шемонаихадағы жанармай құю стансасында жарылыс болды

Шемонаихадағы жанармай құю стансасында болған жарылыстан зардап шеккендер саны төртеуге жетті. Олардың екеуі қатты күйік шалып жансақтау бөлімінде.

Емдеуге Өскеменнен білікті дәрігерлер келген. Жанған аумақ 80 шаршы метр. Қазір қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр.