Синоптиктер үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер үш күнде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты
Сурет: Ашық дереккөзі

Бүгін Алматыда көшпелі бұлтты

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның үш қаласындағы 29, 30 қыркүйек және 1 қазанға арналған ауа райы болжамын бөлісті. Кей күндері ауа райы жауын-шашынсыз, кей уақытта жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Астананың ауа райы болжамы
29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік бағыттан күші 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +2...+4°C.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.

1 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +4...+6°C.

Алматының ауа райы болжамы

29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +18...+20°C.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +14...+16°C.

1 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +10...+12°C.

Шымкенттің ауа райы болжамы

29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +24...+26°C.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +21...+23°C.

1 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +20...+22°C.