Шекара бұзбақ болған Ресейдің үш азаматы ұсталды

Шекара бұзбақ болған Ресейдің үш азаматы ұсталды
Сурет: ҰҚК

Қазір қолға түскен азаматтардан жауап алынып жатыр

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар Қостанай облысындағы «Тобыл» бөлімшесінің шекара наряды жұмыс істеп тұрған пункттерін айналып өтпек болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Шекара бұзушылар өз әрекеттерін Ресейде жүргізіліп жатқан ішінара жұмылдырудан қашпақ болғандарымен түсіндірді. 

Қазір қолға түскен азаматтардан жауап алынып жатыр, оның нәтижесінде олар ресейлік тарапқа беріледі.

Қазір еліміздің шекаралық қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ету мақсатында күзет пен өткізу пункттері бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.