Шайбалы хоккейден ел біріншілігінде 11 команда сынға түседі

Шайбалы хоккейден ел біріншілігінде 11 команда сынға түседі
Сурет: ашық дереккөз

Шайбалы хоккейден алдағы маусымда Қазақстан біріншілігінде 11 команда сынға түсетін болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алдағы маусымда ел біріншілігінде «Ақтөбе», «Алматы», «Арлан» (Көкшетау), «Бейбарыс» (Атырау), «Горняк» (Рудный), «Ертіс» (Павлодар), «Кұлагер» (Петропавл), «Номад» (Астана), «Сарыарқа» (Қарағанды), «Торпедо» (Өскемен) және өзбекстандық «Хумо» бақ сынайды. Клмандалар үш кезең бойынша сынға түседі.

Алғашқы кезеңде командалар бір-бірімен төрт ойыннан өткізді. Екеуі өз алаңында болса, екеуі сыртта болады.

Маусымның алғашқы ойыны 9 қыркүйекке белгіленген.

Тұрақты кезең ойындары ақпан айына дейін созылады. Плей-офф сатысы 12 ақпаннан басталады.