Шаш күтіміне арналған тауар 41,7%-ға қымбаттады

Шаш күтіміне арналған тауар 41,7%-ға қымбаттады
Сурет: Ашық дереккөз

Импорт 18,1%-ға өсті

Сусабындар бір жылда 41,7%-ға қымбаттады, сонымен бірге мұндағы өндірістің азайғаны да байқалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

 Шаш күтімі өнімдерін, атап айтқанда, сусабындар, шашқа арналған лактар және шашты бұйралауға немесе сәндеуге арналған өнімдер өндірісі 10,3%-ға төмендеді. Осылайша 2022 жылдың 12 айында 606 тоннадан астам өнім өндірілген.

Өз кезегінде импорт 18,1%-ға өсті. Сырттан 24,3 мың тонна шампунь мен шашқа арналған лак әкелінді. Импорт өнімдерінің үлесі 97,6 пайызды құрады.

12 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта жоғарыда аталған өнімдердің 24,1 мың тоннасы сатылған.