Шаруалар форвардтық сатып алу бағдарламасына қаншалықты қызығып отыр?

Шаруалар форвардтық сатып алу бағдарламасына қаншалықты қызығып отыр?
Сурет: Agbz.kz

Бүгінгі таңда 40 млрд теңгеден астам сомаға 162 өтінім келіп түскен.

Қазақстан Үкіметі ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында қаржыландыруды бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2022 жылғы 14 қаңтарда Азық-түлік корпорациясы 2022 жылғы егіннің ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың басталғаны туралы жариялады. 2022 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 40 млрд теңгеден астам сомаға 162 өтінім келіп түсті», - делінген АШМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, 2022 жылғы егіннің ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыруға 80 млрд.теңге жұмсау жоспарланып отыр, бұл өткен жылғы мөлшерден 2 есе артық.

Сондай-ақ, сатып алынатын дақылдардың тізбесі жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, зығыр, рапс, соя, қарақұмық және жүгері сияқты он атауға дейін кеңейтілетін болады.

Форвардтық сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері Азық-түлік корпорациясының электрондық ресурсында қабылданады.