Сеул тұрғындары Хэллоуин құрбандарын еске алды

Сеул тұрғындары Хэллоуин құрбандарын еске алды
Сурет: 24.kz

Орталық алаңға жиылған көпшілік қала көшелерін гүлге орап, қабырғаға қаза тапқандарға арнайы хабарлама қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, тура бір жыл бұрын қаладағы Хэллоуин кешінде 200-ге жуық кісі жараланып, 150-ден астам адам опат болған еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz мәліметінше, полицияның тергеу нәтижелері бойынша бұл қақтығысқа жергілікті шенеуніктер кінәлі деп танылды. Өйткені шараның ұйымдастырылған жері талапқа сай болмаған. Небәрі 40 метрден аспайтын шағын алаңда өткен. Оқиғадан кейін 23 адам жауапқа тартылды.

Ал АҚШ-та  Хэллоуин кешінде үй ішінде оқ атылып, 1 адам өз жұмды. Тағы 9 кісі жарақат алған. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлаған. Зардап шеккендердің барлығы – 16 мен 22 жас аралығындағы жеткіншектер. Қазір олар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Полицияның айтуынша, оқиға орнында бірнеше автоматты қару анықталған. Қазір қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдіктілер ұсталды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.