Семіз тиін құтқарылды

АҚШ-тың Техас штатында қыстан семіз шыққан тиінді «құтқару операциясы» жүргізілді. Кеміргіш қыста қатты семіріп, ағаш қуысынан шыға алмай қалса керек. Жануарды құтқару үшін өрт сөндірушілер бригадасы жіберілді. Олар артық салмақ қосып алған тиіннің сыртқа шығуына көмектескен. Қазір оның жағдайы жақсы.

Мамандар тиіннің бір орында жатып алып тамақ жегеннен семіргенін айтып отыр. Егер далада жүрсе, секіріп-ойнақтап-ақ өзі арықтайтын еді.

 

Дайындаған Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *