Сағынтаев шеткі аудандарды интернетпен қамтамасыз ету жайлы айтты

Сағынтаев шеткі аудандарды интернетпен қамтамасыз ету жайлы айтты
Cурет: РИА Новости

Ғаламторға сымсыз қол жеткізу үшін FWA желісі салынып жатыр

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram-дағы парақшасына қаланың шеткі аудандарын интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатқанын жазды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өзекті мәселенің бірі – ғаламтор қолжетімділігі. «Meganet» компаниясымен ТОБЖ арқылы ғаламторға 1586 абонент қосылды. Кезекте – Нұршашқан, Тастыбұлақ, Таусамалы, Ақжар, Қалқаман-2, Қайрат, Шұғыла, Достық, Ақбұлақ, Қарағайлы шағынаудандарының 304 абоненті тұр»,-деп жазды әкім.

Сондай-ақ ол «Қазақтелеком» жеке аудандарда ғаламторға сымсыз қол жеткізу үшін FWA желісінің құрылысын жүргізіп жатқанын жеткізді.

«Желі Алатау ауданының Алғабас шағынауданында іске қосылды. Кезекте Алатау ауданының Өжет, Боралдай, Теректі, Наурызбайдың Таусамалы, Түрксібтің Әлмерек пен Нұршашқан шағынаудандары тұр. Осы жылдың соңына дейін 2 мыңға жуық абонентті қамту жоспарда бар»,-деді Б. Сағынтаев.