Ластанған ауа адам өмірін қысқартады

Ластанған ауа адам өмірін қысқартады
Сурет: 24.kz

Мұндай болжамды ғалымдар Нью-Дели тұрғындарының өміріне қатысты болжап отыр

Себебі Нью-Делиде ауаның ластану көрсеткіші ең жоғарғы деңгейге жетті. Оған Дивали мерекесі себеп. Өйткені көшеге шыққан жұрт шам жағып, отшашу атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл пиротехникалық заттарды сатуға және қолдануға тыйым салынған. Бірақ оны ескеріп жатқандар аз. Ал шаһардың экологиялық жағдайы онсыз да мәз емес. Өнеркәсіп орындарынан ауаға бөлінетін зиянды газдар көп. Оның сыртында көліктердің де зияны бар. Бұл аздай күзде фермерлер масақ өртейді.

Ғалымдардың есептеуінше, ауаның ластануы салдарынан Нью-Дели тұрғындарының өмірі 6 жылға қысқарады екен.  

«Тұрғындарға отшашу атпаңдар деп алдын ала ескертілді. Алайда оған жұрттың құлақ асып жатқаны шамалы. Салдарынан ауа сапасы күрт нашарлап кетті. Енді бұл жағдай тек Нью-Дели халқына ғана емес, солтүстік өңір тұрғындарына да әсер етіп отыр», - дейді эколог Вимленду Джха.