Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам бақилық болды

Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам бақилық болды
Сурет: интернеттен

Қаралы хабар әлеуметтік желіде пайда болды.

Мемлекет және қоғам қайраткерінің жақындары мен туыстарына көзі қарақты көпшілік қауым көңіл айтып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Танымал публицист, саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған еді.

Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол еңбек жолын дипломатиялық қызметтен бастаған болатын.

Кейіннен республикалық басылым – "Арай" журналының, "Время-Дәуір" және "Эпоха" газеттерінің бас редакторы қызметін атқарды.

Ардагер журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Вызов времени", "Миражи и реалии", "Служение нации", "Казахская драма" атты төрт кітаптың авторы. Сондай-ақ ол республикалық, одақтық басылымдардағы,"Аргумент и факты", "Вокруг света" сияқты газеттердегі 500 авторлық мақалалардың авторы.