Саусақ ізін тапсыру әркімнің өз еркіндегі шара болмақ

Саусақ ізін тапсыру әркімнің өз еркіндегі шара болмақ
Сурет: Freepik

Саусақ ізін тапсыру шекарадан өткен шетелдіктерге ғана міндетті болмақ.

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов жеке куәлік алар кезде саусақ ізін тапсыру шарасы ерікті болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Иә, сондай шешім қабылданды. Заң жобасына өзгерістер енгізіліп жатыр. 2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап азаматтардың саусақ ізін ерікті негізде тапсыруын ерікті ету мәселесі қаралып жатыр. Шетелдіктерге бұл міндетті. Ал ішкі құжаттандыру кезінде бұл шара ерікті негізде болады», - деді Сәкен Сәрсенов.