Сақылдаған сары аяз...

Сақылдаған сары аяз...
Almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК 13 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады.

13 желтоқсанда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл сақталады. Атырау қ.: 13 желтоқсанда шаңды дауыл сақталады

13 желтоқсанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса.

Талдықорған қ.: 13 желтоқсанда түнде 27-29 градус қатты аяз күтіледі.

Қонаев қ.: 13-14 желтоқсанда түнде 25-27 градус қатты аяз күтіледі.

Алматы қ.: 13 желтоқсанда түнде 23-25 градус қатты аяз, 14 желтоқсанда түнде 25-27 градус қатты аяз.

13 желтоқсанда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Атырау қ.: 13 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

13 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13 желтоқсанда Ұлытау облысының оңтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

13 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

13 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

13 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, шығысында жолдарда көктайғақ сақталады. Облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында 20 градус қатты аяз күтіледі. Ақтау қ.: 13 желтоқсанда жолдарда көктайғақ сақталады. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

13-14 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

13 желтоқсанда Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 18 м/с күтіледі.

13 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.

13-14 желтоқсанда Түркістан облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктері аударында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 13, тәулік бойы 14 желтоқсанда тау асуларында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 12 желтоқсанда ауа температурасы түнде 14-19, облыстың солтүстігінде 24, облыстың оңтүстігінде 11 градус аязға дейін күрт төмендейді.

13-14 желтоқсанда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аударында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 13, тәулік бойы 14 желтоқсанда облыстың солтүстік-шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 13 желтоқсанда ауа температурасы түнде 25-30 градус аяз, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 35 градус өте қатты аязға дейін күрт төмендейді.

13 желтоқсанда Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы түнде 23-28 градус аяз, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 33-38 өте қатты аязға дейін күрт төмендейді.

Тараз қ.: 13 желтоқсанда ауа температурасы түнде 30-35 градус өте қатты аязға дейін күрт төмендейді.