Роналдудың жаңа рекорды

Роналдудың жаңа рекорды
almaty-akshamy.kz

Роналдудың ұлттық құрама сапындағы 200-інші ойынын өткізді

Португалия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Исландиямен сырт алаңдағы матчта өз командасын бастап шықты.

Бұл 38 жастағы К.Роналдудың ұлттық құрама сапындағы 200-інші ойыны. Сөйтіп португалиялық шабуылшы футбол тарихында осындай көрсеткішке қол жеткізген бірінші ойыншы атанды. Бұрын рекорд кувейттік Бадер аль-Мутаваға тиесілі еді. Ол өз құрамасының сапында 196 кездесу өткізді.