Республикалық тасжолдардың алты учаскесінде жол жабылды

Республикалық тасжолдардың алты учаскесінде жол жабылды
Сурет: Ашық дереккөз

Жетісу облысында Үшарал-Достық тасжолы мен Көктума-Достық станцияларының аралығында көліктің барлық түріне жол жабық.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тасжолдардың алты учаскесінде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Абай облысындағы Қалбатау-Көкпекті ауылдары, сондай-ақ Қалбатау мен Аягөз қаласы арасындағы тіркемесі бар жүк көліктеріне қатынауға әзір рұқсат жоқ. 

Бұдан бөлек, Герасимовка-Семей, Семей-Қалбатау аралығындағы жолдарда да осындай жағдай. Алматы-Өскемен тасжолы бойындағы Қалбатау-Қасым Қайсенов ауылдарының арасымен де тіркемесі бар жүк көліктеріне қатынауға болмайды. 

Жетісу облысында Үшарал-Достық тасжолы мен Көктума-Достық станцияларының аралығында көліктің барлық түріне жол жабық.