Ресейде зауыт өртеніп кетті

Ресейде зауыт өртеніп кетті
сурет: augustnews.ru

Өрт өндірістік процестегі ақаудан болуы мүмкін.

Ресейдің Тольятти қаласындағы есік жасайтын зауыт отқа оранды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz news.ru сілтеме жасап.

Тілсіз жаумен күреске 300-ден астам өрт сөндіруші тартылған. Зауыттың бояу бөлігінде тұтанған от 20 мың шаршы метрді жалмап үлгерген. Ғимараттың шатыры ортасына түскен. Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады. Тольяттидегі зауыттағы өрт өндірістік процестегі ақаудан болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда.