Энергетика министрлігі бензин тапшылығына қатысты түсінік берді

Энергетика министрлігі бензин тапшылығына қатысты түсінік берді
Cурет: tarantas.news

Қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті

ҚР Энергетика министрлігі әлеуметтік желідегі «жанармай бекеттерінде бензин жоқ» деген мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

«Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде «кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ» деген ақпарат пайда болды. Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті», – деп жазады министрліктің баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметіне сенсек, елде бензин тапшылығын туғызатындай негіз бен алғышарт жоқ.

 «Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу +7 777 999 52 18 WhatsApp нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз. Энергетика министрлігінің мамандары ақпараттың растығын тексереді. Нарықта жанар-жағармай материалдарының бағасы негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу әрекеттері фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданады», – делінген ресми ақпаратта.