Ресейде Яндекс таксиді тексеріп жатыр

Ресейде Яндекс таксиді тексеріп жатыр
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бұл таксидің қызметі өткен жылы қымбаттаған болатын

Өткен жылы елімізде аталмыш такси компаниясының қымбаттағанына қатысты тексерістер жүргізілді. Енді соны Ресейдің монополияға қарсы қызметі тексеріп жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Ресейдің монополияға қарсы қызметінің Яндекс таксиге маңызды ескертпесі бар. Бұл туралы «Известияға» берген сұхбатында Федералды монополияға қарсы қызмет жетекшісінің орынбасары Петр Иванов айтқан. Қызмет басшылығы компания баға қалыптастыру алгоритімін жасырмайтынын, алайда олардың қымбат комиссиясы мен бағасына  жолаушылар тарапынан да, жүргізушілер арасынан да арыз көп түсетінін тілге тиек етеді. Монополияға қарсы қызмет жүргізушілерге комиссияны «бәсекелестік деңгейге дейін» түсіруге шақырды. Қазір оның көлемі 28 пайыз.