Тамыздың 24-27 күндеріне арналған ауа райы болжамы

Тамыздың 24-27 күндеріне арналған ауа райы болжамы Сурет: Meteovesti.ru

Найзағай ойнап, екпінді жел тұрады, бұршақ пен өткінші жаңбыр жауады.


Қазақстандық синоптиктер алдағы күндері тұрақсыз ауа райын болжап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Атмосфералық фронттардың өтуімен  республика аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Найзағай ойнап, екпінді жел тұрады, бұршақ пен өтпелі жаңбыр жауады.



«Республиканың барлық аймақтарында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты болады деп болжануда: батыста түнде 17...22, күндіз 32...39 гадус жылы, солтүстікте түнде 13...18, күндіз 30...35 градус жылы, орталықта және республиканың шығысында түнде 11...17, күндіз 27...33 градус жылы, оңтүстікте түнде 15...22, күндіз 32...39 градус жылы», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет