Ресейде коронавирус дендеп барады

Ресейде коронавирус дендеп барады
Сурет: Rbc.ru

Елде локдаун жарияланды

30 қазаннан бастап бүкіл ел аумағында локдаун басталады. Мәскеуде бұл тәртіп бүгіннен бастап енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Эпидахуал ушыққандықтан, бүгіннен бастап Мәскеуде тек азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен екпе салу орталықтары жұмыс істейді. Егде жастағы кісілерге оқшаулану нұсқауы берілді.

Ел бойынша ең қатаң локдаун Хакас республикасында жарияланды. 26 қазаннан бастап мұнда коменданттық сағат күшіне енді. Түнгі сағат 22.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін үйден шығуға тыйым салынды. Алайда шектеу шаралары, qr-кодтар жүйесі мен локдаунға қарамастан, елде вакциналау қарқыны төмен. Ұжымдық иммунитет 50 пайызға да жетпеген.

Әзірше Мәскеу әкімшілігі локдаун мерзімін ұзарту жайлы шешім шығарған жоқ. Бұл эпидахаулға байланысты болмақ. Десе де, жағдайды түпкілікті оң өзгерту үшін бір апта тым қысқа мерзім.